«Т. Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мектептің 2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік педагогтың жұмысы » Әубәкіров орта мектебі
Алматы облысы білім баскармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі
"Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп -мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 26-2-12
Есепші бөлімі:
+7(72752) 26-2-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Т. Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мектептің 2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік педагогтың жұмысы
03
июль
2023

«Т. Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мектептің 2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік педагогтың жұмысы

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т. Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіМектептің 2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік педагогтың жұмысыныңЕСЕБІ

  2022-2023 оқу жылында әлеуметтік педагогтің жұмысы мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік - педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, мектептің әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

 Оқу жылының басында ҚР Оқу - ағарту министрінің 27.08.2022 №382 бұйрығына сәйкес әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары құрылды. Жылдық жоспарға сәйкес әлеуметтік - педагогикалық жұмыс төмендегі алты бағыт бойынша ұйымдастырылды:

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу

        II. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы

IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке - профилактикалық жұмыс

        ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы

V. Білім алушылардың ата - аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс

VI. Диагностикалау - талдау қызметі  

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу туралы:

Сынып жетекшілердің әлеуметтік зерттеулеріне сәйкес сыныптың әлеуметтік паспорты жасалынды. Сыныптардың әлеуметтік паспорты негізінде мектептің әлеуметтік паспорты жасалынды. Төмендегі кестеде 2022-2023 оқу жылындағы мектептің әлеуметтік көрсеткіштеріне сараптама жасалынды: 

Әлеумет-тік мәртебесі

Толық отб.

Толық емес отб.

Анасы жоқ балалар

Әкесі жоқ балалар

Көп балалы отб.

Аз қамтамасыз етілген отб.

Жетім бала-лар, ААҚҚ

Мүгедек ба-лалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар

2022-2023 оқу жылы

610

108

17

51

340

23/30

3

6

Өсу динамикасы

85%

15,0%

2,7%

7,1%

47,3%

3,2/4,1%

0,4%

1,2%


ІІ. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы. Оқу жылында балалық шақтың құқығын қорғау бойынша бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Мектептің әлеуметтік желілерінде және мектеп сайтында балалардың құқығын қорғау бойынша жаднамалар мен материалдар жарияланды. Мектеп қабырғаларында сенім телефондары мен ақпараттық стендтер ұйымдастырылды. 

Білім алушылар мен ата-аналарға бала құқығының бұзылуы фактілері және басқа да мәселелер бойынша әлеуметтік-педагогикалық кеңес берілді. 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар саны – 3. Оқу жылында жетім және АҚҚ оқушылардың жәрдемақыларының мақсатты жұмсалуы, мүлкінің сақталуы бойынша жұмыстар атқарылды. Оқушылардың барлығы үй кезегіне қойылған. «29 қазан – Қамқоршылар күні» мерекесіне орай мектебіміздің ұстаздары бірігіп қамқоршы Сайлибаева Рая апайымызға үйіне барып құттықтап, сый құрмет жасалып қолдау көрсетілді.

Білім алушылардың сабаққа бармауының алдын алу мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы жүзеге асты. Акция аясында әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық қолдау көрсетілді. Акция аясында қолдау көрсетілген оқушылардың көрсеткіші төмендегідей:


Саны (оқушы)

Сомасы

(теңге)

Қаржылай көмек алғандар 

1

30 000

Материалдық көмек алғандар (мектеп формасы, кеңсе құралдары және т.б.)

69

870 000

Азық-түлікпен көмек алғандар

2

45  000

№64 қаулыға сәйкес қаржылай көмек алғандар

71

2 683 800

Жалпы

141

3 383 800


IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке - профилактикалық жұмыс туралыМектебімізде әртүрлі есепте тұрған білім алушылар туралы сандық ақпарат төмендегідей:

Мектепішілік есепте тұрғандар – 3

Тәуекел топтағы оқушылар – 0.

Аудандық ІІБ есебінде тұрғандар – 0.

Есепте тұрған оқушылардың үй-тұрмыс жағдайлары жасалынып, ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық кеңес берілді. Оқушылардың есепке алынуының әлеуметтік себептерін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар алынып, отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық мінездеме берілді.

Балалардың есепке алынуының алдын алу мақсатында сынып жетекшілермен бірге «Бала құқығы», «Құқық бұзушылықтың салдары» тақырыптарында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы туралы. 

Мектеп ұжымының адамгершілік сау қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында «Адамгершілік қоғамға қызмет» жобасы аясында «Қарттарым асыл қазынам» қайырымдылық акциясы, «Жылы жүрек – жомарт жан» қамқорлық акциясы, «Мейірімділік – асыл қасиет» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Акция аясында жиналған қаражат 11 білім алушыға материалдық көмек көрсетілді.

Мектептің педагогикалық кеңесінде әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан білім алушыларға материалдық қолдау көрсету, жетім және ААҚҚ оқушылардың құқығының бұзылмауы, оқушыларды тегін жазғы қала лагерьмен қамту бойынша мәселелер қаралды.

Жетім және ААҚҚ оқушылардың алты ай сайынға есебі білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық бөліміне уақытылы тапсырылды. 

Мектептің Қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мектеп қорына демеушілер және өзге де демеушілерден келіп түскен қаржылай көмекті үлестіру, №64 қаулыға сәйкес білім алушыларға қаржылай көмекті тағайындау және оқушылардың қала сыртындағы лагерьлерге жіберу туралы мәселелер қабылданып, шешімдер шығарылды.

Биылғы оқу жылында 39 оқушы лагерьмен қамтылады деп күтілуде.

Күшті жақтары

W Әлсіз жақтары

Қайырымдылық айлығының тиімді ұйымдастырылуы.

«Мектепке жол» акциясы нәтижелі жүзеге асырылуы.

Зерделеу нәтижесіне сәйкес әлеуметтік педагогтың іс-құжаттарының талап сай жүргізілуі.

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.

«1 маусым-Балалар күні» мерекесіне демеушілердің тартылмауы.

Диагностикалық жұмыстардың жүргізілмеуі.

O Мүмкіндіктері

T Қауіп-қатерлері

Өзін-өзі жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарына қатысу.

Қайырымдылық шараларына демеушілерді тарту жұмыстарының нәтижелілігі.

Қамқоршылық кеңес жұмысының жүйесіздігі.

Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша сараптамалық-талдау жүйесінің әлсіздігі.

2022-2023 жылы атқыралған жұмыстарға SWOT талдау


V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмысы туралы.

Тоқсан сайын өткізілетін ата-аналар жиналысына қатысып, мәселелі сұрақтарына жауап берілді. Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысында әлеуметтік мәселелер бойынша баяндама оқылды.

Ата-аналарға буллингтің алдын алу, мектептегі әлімжеттік бойынша жаднамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


VI. Диагностикалау - талдау қызметі туралы.

Мектептегі білім алушылардың арасында әлеуметтік мәселелерді зерделеу бойынша диагоностикалық-талдау қызметі жүргізілді. Оның ішінде, «Сыныптағы қарым-қатынас» семинары, «Мектептеегі оқу-тәрбие үдерісі» әлеуметтік сауалнамасы, «Мектептегі ыстық тамақ және буфеттік тамақтану» сауалнамасы алынып, нәтижелері шығарылып, қорытындыланды.

Білім алушылардың әлеуметтік картасы және отбасы картасы жасалынды.

Жоғарыда атқарылған жұмыстар мен мектептің әлеуметтік көрсеткіштерін ескере отырып төмендегідей ұсыныстарды ұсынамыз:

  1. Мектепте атқарылатын әлеуметтік –педагогикалық жұмыстардың нәтижелілігін арттыру үшін «мектеп–ата–ана–оқушы» моделі негізінде жұмысты жандандыру;
  2. Сынып жетекшілерге ата–анамен дұрыс–қарым–қатынас орнату, диалогтың функцияларын дамыту мақсатында ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету;
  3. Мектепте атқарылатын әлеуметтік – педагогикалық жұмыстарды цифрлық технологияларды қолдана отырып оңтайландыру. 




Әлеуметтік педагог                     Ә. Н. Реймова
























«№ орта мектеп» МКМ

2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарға сараптама

Қысқа нұсқасы

2022-2023 оқу жылында атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс оқу-тәрбие жсопарына сай жүргізілді. Оқу жылында оқушылар әлеуметтік санаттарына байланысты төмендегідей кестеге сейкес бөлінді:

Әлеуметтік мәртебесі

Жетім оқушы

Көпбалалы

Оқушы/отбасы

Толық емес

Жартылай жетім

Өгей ата-анасымен тұратын оқушы

Аз қамтылған

2021-2022  оқу жылы

461/184

58/45

45/35

9/8

41/22

2022-2023 оқу жылы

3

617/265

66/40

49/34

8/8

34/23

Өсу динамикасы

33%

33.9%

12.1%

8.9%

-11.1%

-17%

Әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан оқушылардың орташа өсу динамикасы 26.1 пайызды көрсетіп отыр. Мектебіміздегі көпбалалы отбасынан шыққан оқушылардың өсу динамикасының жоғарғы көрсеткіші ықшам ауданымызға жаңадан қоныс аударушылардың көптігіне байланысты. 

Жалпыға бірде білім қорынан әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан 202 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Арендатор есебінен 20 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. 2023-2024 оқу жылында ЖББҚ ыстық тамақпен 230 оқушы ыстық тамақпен қамтылады деп болжам жасалынып отыр.


2022-2023 оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 168 оқушыға 2 212630 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Жалпыға бірдей білім қорынан 898171 теңгеге 47 оқушыға көмек көрсетілді.

Оқу жылында «Адамдарға қуаныш сыйла»қайырымдылық айлығы жүргізілді. Нәтижесінде 681 372 теңге көлемінде оқушыларға заттай, азық-түлік себеттері, ақшалай көмек көрсетілді. Айлық нәтижесінде «Qaiyrymdy mektep 40» журналы жарық көрді.

2022-2023 оқу жылында 23 ке жуық түрлі қайырымдылық бағыттағы акциялар мен іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртындағы лагерьге 30 оқушы демалатын болады. 


Күшті жақтары

W Әлсіз жақтары

Қайырымдылық айлығының тиімді ұйымдастырылуы.

«Мектепке жол» акциясы нәтижелі жүзеге асырылуы.

Зерделеу нәтижесіне сәйкес әлеуметтік педагогтың іс-құжаттарының талап сай жүргізілуі.

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы.

«1 маусым-Балалар күні» мерекесіне демеушілердің тартылмауы.

Диагностикалық жұмыстардың жүргізілмеуі.

O Мүмкіндіктері

T Қауіп-қатерлері

Өзін-өзі жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарына қатысу.

«Qaiyrymdy mektep 40» журналы – әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нәтижесі ретінде.

Қайырымдылық шараларына демеушілерді тарту жұмыстарының нәтижелілігі.

Қамқоршылық кеңес жұмысының жүйесіздігі.

Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша сараптамалық-талдау жүйесінің әлсіздігі.

Жоғарыда атқарылған жұмыстар мен мектептің әлеуметтік көрсеткіштерін ескере отырып төмендегідей ұсыныстарды ұсынамыз:

  1. Мектепте атқарылатын әлеуметтік –педагогикалық жұмыстардың нәтижелілігін арттыру үшін «мектеп–ата–ана–оқушы» моделі негізінде жұмысты жандандыру;
  2. Сынып жетекшілерге ата–анамен дұрыс–қарым–қатынас орнату, диалогтың функцияларын дамыту мақсатында ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету;
  3. Мектепте атқарылатын әлеуметтік –педагогикалық жұмыстарды цифрлық технологияларды қолдана отырып оңтайландыру.