«Жас Ұлан » ,"Жас Қыран" » Әубәкіров орта мектебі
Алматы облысы білім баскармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі
"Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп -мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 26-2-12
Есепші бөлімі:
+7(72752) 26-2-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан » ,"Жас Қыран"
15
декабрь
2022

«Жас Ұлан » ,"Жас Қыран"

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылы 15 желтоқсан күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған білім алушыларды бірыңғай «Жас Ұлан » ,"Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара мақсаты :
Еліміздің нағыз патриоттары , өзгерістерден қамықпайтын еңбекке құмар , білімге құштар , өзін –өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін , рухани дүниесі кең азаматтарды тәрбиелеу.
Аталмыш ұйымға қабылданушы білім алушылар АНТ қабылдады. Галстук байлау рәсімін мектеп әкімшілігі және өзін-өзі басқару ұйымының министрлері жүргізді.
Мектеп директорының әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мусаева ұйымға қабылданған білім алушыларды құттықтап, тәуелсіз ел аясында, бейбіт өмірдің, қамқор Отан-Ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген сіздер-ертеңгі ел үміті, ел болашағының берік қалануы деп,-сенім білдірді. 

https://www.instagram.com/p/CmMCfN8DG5n/?next=%2F